05 мамыр 2021 10:52

Қырғызстан президенті жаңа Конституцияға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: president.kg Фото: president.kg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 11 сәуірде өткен референдумда қабылданған республиканың жаңа Конституциясына қол қойды, - деп хабарлайды 24.kg.


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 11 сәуірде өткен референдумда қабылданған республиканың жаңа Конституциясына қол қойды, - деп хабарлайды 24.kg.

Сондай-ақ, Жапаров "Қырғыз Республикасының Конституциясы туралы" Қырғыз Республикасының Заңына қол қойған.

Айта кетейік, негізгі Заңның жаңартылған нұсқасын қолдап 79,3 пайыз, қарсы 13,7 пайыз дауыс берген. Қатысқандар саны 36,6 пайыз болған. Шара 11 сәуірде, бір күнде 28 қала мен 420 аймақта жергілікті сайлаумен өтті.

Кейбір қырғызстандық БАҚ пен азаматтық белсенділер Конституция жобасын "ханституция" деп сынға алған, ал Садыр Жапаровты билікті тартып алуға әрекет жасады деп айыптады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети