Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевтің тағы бір орынбасары ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевтің тағы бір орынбасары ұсталды Иллюстрациялық фото: instagram.com/gknb.official

Қырғызстанда Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының тағы бір бұрынғы орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz жергілікті Kaktus.media басылымына сілтеме жасап.


Қырғызстанда Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының тағы бір бұрынғы орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz жергілікті Kaktus.media басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, әскери прокуратура МҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Тимур Шабданбековті ұстаған. Сонымен қатар қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен комитеттің тағы алты қызметкері ұсталды.

Сондай-ақ басылымның Қырғызстанның күш құрылымдарындағы дереккөздері 13 сәуірде Әскери прокуратура қызметкерлері Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік агенттік басшысының бұрынғы орынбасары Бекзат Әбдіқахаровты, МҰҚК Нарын облыстық басқармасы бастығының бұрынғы орынбасарын және комитеттің бірнеше бөлім басшысын, соның ішінде киберлаяқтыққа қарсы күрес бөлімі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің басшыларын ұстағанын хабарлады.

Бұқаралық ақпарат құралдары Red Petroleum жанармай бекеттері желісінің бас директоры Ақылбек Маматовтың ұсталғаны туралы да жазып жатыр. БАҚ мәліметінше, Ақылбек Маматовтың отбасы МҰҚК бұрынғы басшысы Қамшыбек Ташиевтің отбасымен байланысы болған. Атап айтқанда, Маматовтың әкесі Қырғыз футбол одағында Ташиевтің орынбасары болған.

Еске сала кетейік, 13 сәуірде МҰҚК төрағасының орынбасары – Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру орталығының директоры қызметін атқарған Даниэль Рысалиевтің ұсталғаны белгілі болған еді. Ол "Сыбайлас жемқорлық" бабы бойынша күдікке ілінген. Осы іс бойынша Ыстықкөл облыстық 6-басқармасының бұрынғы бастығы мен МҰҚК орталық аппаратының қазіргі қызметкері де ұсталды.

Мән-жай

10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өзінің досы әрі серіктесі Қамшыбек Тәшиевті барлық лауазымынан босатты.

Қырғызстан басшысының баспасөз қызметі мәліметінше, "бұл қадамның басты мақсаты - мемлекет бірлігін нығайту және қоғамдағы, соның ішінде мемлекеттік құрылымдар арасындағы іріткіге жол бермеу". Бұл оқиға Қырғызстан президентіне мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы өтініш жасалған тұста болды. Жапаровтың баспасөз хатшысының айтуынша, Тәшиевтің жақын ортасындағы адамдар депутаттарға қоңырау шалып, оларды "генералдың жағына шығуға" және "президенттің жаңа сайлауын бастауға" үгіттеген.

Ташиевтің отставкасынан кейін күштік блок қайта құрылымдалды: оның орынбасарлары қызметінен айырылды, Шекара қызметі МҰҚК құрылымынан шығарылды, сондай-ақ тікелей президентке бағынатын жаңа Мемлекеттік күзет қызметі құрылды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 476.97   556.56   6.24 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети