23 мамыр 2022 09:47

Қырғызстанда қар жауды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: kabar.kg Сурет: kabar.kg

Қырғызстан асуларында қар жауып жатыр, жол тайғақ. Бұл туралы елдің Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі kabar.kg сайтына сілтеме жасап.

Ведомство өкілдері автокөлік жүргізушілеріне Бішкек-Ош - Тоо-Ашуу, Ала-Бел, Көк-Бел, сондай-ақ Талас-Тараз-Суусамыр және басқа автожолдардың учаскелерінде қар жауып жатқанын ескертті.

Көлік және коммуникация министрлігінің арнайы қызметтері жол тайғақ болмауы үшін инертті материалдар себу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

"Жағдайды ескере отырып, жасанды кептеліс туындамас үшін жүргізушілер асу учаскелеріне шығарда автокөлігіне қысқы резина кигізуі керек. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жол белгілеріне сәйкес жылдамдық режимін сақтау қажет", - деді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети