16 қазан 2015 11:58

Қырғызстанда қашқын экстремистердің біреуінің көзі жойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Қырғызстан ІІМ © Қырғызстан ІІМ

Қырғызстанда түрмеден қашқан төрт экстремистің біреуі ұстау кезінде мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қырғызстанда түрмеден қашқан төрт экстремистің біреуі ұстау кезінде мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қырғызстан ІІМ мәліметінше, бүгін "Дордой" базарының маңында арнайы операция жүргізіліп, Данияр Қадырәлиевтің көзі жойылды.

Қадырәлиев Данияр Қылышбекұлы 1976 жылы 9 қарашада ҚР Жұмғалы ауданы Мин-Куш ауылында туылған, орта білімді, ұлты қырғыз. Оны Бішкек қалалық сотында тоғыз бап бойынша айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

Еске сала кетейік, 12 қазанға қараған түні Қырғызстанда 9 адам колонияның үш қызметкерін өлтіріп, түрмеден қашып кеткен. Олардың бесеуі айналма жолда ұсталды. Түрмеден қашқан төртеудің екеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылған болса, екеуі тергеуде екен. Іздеудегілер экстремизм мен терроризм үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар. Төменгі Нооруз ауылындағы №50 түзету мекемесінен қашқандар заңсыз деп танылған "Жайшул-Махди" партиясының өкілдері болған.

Айта кетейік, бүгін, 16 қазанда Орта Азиядағы ең ірі базар Қырғызстандағы "Дордой" қоршауға алынды. Себебі милицияға біреу қоңырау шалып, қашқын экстремистерге ұқсас адамдарды сол жерден көргенін айтқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети