21 маусым 2016 14:59

Қырғызстанда найзағай түсіп, 300-ге жуық қой қырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mignews.com © mignews.com

Қырғызстанда найзағайдың салдарынан 300-ге жуық қой өліп қалған, - деп хабарлайды Turmush.kg басылымы.


Қырғызстанда найзағайдың салдарынан 300-ге жуық қой өліп қалған, - деп хабарлайды Turmush.kg басылымы.

Оқиға 16 маусымда Джалал-Абад облысы Ақсый ауданында болған. Шопан малдарды Кашка-Суу жайылымына айдап бара жатады. Бірақ қараңғы түсуіне байланысты шопан Суук-Добо асуына тоқтаған. Содан жалпы 600 малды айдап жеткізген.

Шопанның айтуынша, найзағайдың нәтижесінде 120 қой сол жерде өліп қалған. Ал 145 қой қорқып, асудан секіріп кетіпті. Бірақ шопан зардап шекпеді. "Суук Тобо жайылымына бір күнде жету қиын. Шопан қойлармен асудан өтіп, жайылымға жетпекші болған. Содан ол өзінің екі көмекшісіне шатыр құруды тапсырды. Кейін шопан қойларды бір жерге жинап, шатырға киімін ауыстыру үшін кірген. Осы уақытта найзағай ұрып, нәтижесінде 120 қой өліп қалды", - деді куәгерлер.

Сонымен қатар, жұмысшылар жарға құлаған 115 қойдың өлігін тауып алыпты. Ал қалған қойлардың өлігі әлі табылмады. Айта кетейік, мал Таш-Кумыр қаласы мен Ақсый ауданының фермерлерінікі екен. Жануарлардың иесінің айтуынша, олардың шопанға еш шағымы жоқ.


 Turmush.kg сайтынан алынған суреттер

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети