16 ақпан 2018 13:09

Қырғызстанда өзін жарып жібермек болған лаңкес ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет Иллюстрациялық сурет

Қырғызстанда мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы дайындықтан өтіп, лаңкестік жасамақ болған жанкештіні ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Халықаралық лаңкестік ұйымдардың содырлары ел аумағына кіруінің алдын алу мақсатында өткізіліп жатқан лаңкестікке қарсы операция барысында 1992 жылы туған Қырғызстан Республикасының азаматы ұсталды. Оның Сирия аумағында "жанкештінің" арнайы әскери жаттығуынан өткені анықталды", - деп хабарлайды баспасөз қызметінің өкілдері. 

Ведомство мәліметі бойынша, қазір ол тергеу абақтысына қамалып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалған. 

Басылымның жазуынша, қазір Сирия мен Ирак аумағында Қырғызстанның мың жарымға жуық азаматы лаңкестік ұйымдар қатарында жүр. Соның ішінде, кәмелетке толмағандар да бар. Былтыр елдің ІІМ қызметкерлері шетелдік лаңкестік ұйымдарға адамдарды үгіттеп, қатарына тарту бойынша 200 деректің бетін ашқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети