14 қыркүйек 2020 09:26

Қырғызстанда Ресей құрамына қосылу мәселесі талқыланып жатыр - экс-елші

ПОДЕЛИТЬСЯ

Райымқұл Аттакуров. © РИА Новости Райымқұл Аттакуров. © РИА Новости

Қырғызстанда Ресей құрамына кіру мәселесі талқыланып жатыр. Бұл туралы видеосұхбат кезінде Мәскеудегі қырғыз диаспорасының төрағасы, Қырғызстанның Ресейдегі экс-елшісі Райымқұл Аттакуров "Правда.ру" порталына мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қырғызстанда Ресей құрамына кіру мәселесі талқыланып жатыр. Бұл туралы видеосұхбат кезінде Мәскеудегі қырғыз диаспорасының төрағасы, Қырғызстанның Ресейдегі экс-елшісі Райымқұл Аттакуров "Правда.ру" порталына мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тарихи тағдырымыз бізге бірге болуды жазған. Ғасырлар бойы біз біргеміз. Біздің ортақ тарихымыз бар және болашағымыз да ұзақ болады деп үміттенеміз. Қазір көптеген қырғыздың Ресей Федерациясына республикалардың бірі ретінде қосылуға ұсыныс жасау туралы ойы бар", - деді Аттакуров.

Қырғызстанда мұндай әңгімелер шынымен бар ма деген сұраққа бұрынғы елші "Иә, Қырғызстанда бұл бар" деп жауап берді.

"Бұл жерде диаспоралық жұртшылық арасында да осындай мәселе туындайды және талқыланады. Әрине, мұны дереу және жылдам іске асыруға болмайды. Бірақ, менің ойымша, бұған бару керек, өйткені өмірдің өзі бізді бірлікке итермелеп тұр", - деді ол.

Сондай-ақ, Аттакуров "Қырғызстан - бұрынғы КСРО республикаларының арасындағы орыс тілі мемлекеттік, конституциялық тіл мәртебесіне ие жалғыз ел" екенін атап өтті.

"Мұны халықтың өзі қолдап отыр. Әрине, біздің Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуымыз көптеген бағытқа оң әсер етеді", - деді Ресей Президенті жанындағы Ұлтаралық қатынастар жөніндегі комиссияның сарапшысы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети