02 қазан 2015 | 16:59

Қырғызстанда террорлық әрекет жасамақ болды делінген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Қырғызстанның МҰҚК қызметкерлері контртеррорлық операция барысында республика аумағында террорлық акт жасамақ болған Қырғызстанның 1972 жылғы азаматын ұстады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Ұсталған адамның Қырғызстан аумағында жарылғыш зат арқылы террорлық әрекет жасамақ болған халықаралық лаңкестік ұйымдардың мүшесі болғаны анықталды. Айта кетейік, 2015 жылдың 4 қазанында елде парламент сайлауы өтеді.

Ұстау барысында лаңкестен тапанша, РГД-5 жарылғыш заты, оқ-дәрілер, пышақтар, экстремистік мазмұндағы кітаптар мен электронды жазблар табылды. Тергеу барысында ұсталған ер адам террорлық ұйымға қатысы бар екенін, сонымен қатар лаңкестік әрекет жасамақ болғанын хабарлады. Қазір Қырғызстанның МҰҚК қызметкерлері ұйымның басқа да мүшелерін іздестіріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети