23 қаңтар 2017 | 10:09

Қырғызстанда ұшақ апатынан қаза тапқандардың саны артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РБК © РБК

Бішкектегі "Манас" әуежайының маңында Boeing 747 жүк тасымалдайтын ұшағының құлауы салдарынан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды, - деп хабарлайды Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. 


Иконка комментария блок соц сети

Бішкектегі "Манас" әуежайының маңында Boeing 747 жүк тасымалдайтын ұшағының құлауы салдарынан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды, - деп хабарлайды Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. 

Түрік әуе компаниясының Boeing 747-400 ұшағы 16 қаңтарда әуежайға қона алмай, саяжайдағы үйлердің үстіне құлаған. Оқиға салдарынан 30 үй құлап, экипаждың төрт мүшесін қосқанда 32 адам, оның ішінде 17 бала қаза болды

"29 жастағы Рахманов Сагынбек 2017 жылдың 16 қаңтарында денесін 3-4 деңгейде, екі аяғы және жамбасын 45 пайызға күйік шалған өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген болатын. Үздіксіз терапия, гемодиализ және қажетті дәрілік терапияға қарамастан, 21 қаңтарда тыныс алу мен жүрек-қан тамыры жүйесі тоқтап қалды", - деп хабарлайды баспасөз қызметінің өкілдері. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі кезде ауруханада апаттан зардап шеккен 14 адам жатыр. Алайда науқастар саны ауысып отыр, бірнеше адамның жағдайы жақсарып, ауруханадан шықса, мұның алдында ауруханаға жатудан бас тартқан екі ер адамның жағдайы нашарлаған. Ал кейбір зардап шегушілерге "жарқаттан кейінгі есеңгіреу" диагнозы қойылған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети