Бішкекте апатқа ұшыраған ұшақ тұрғын үйлердің үстіне құлаған

16 Қаңтар 2017, 09:39
0
Апат орны
Апат орны

Бішкекте апатқа ұшыраған Boeing 747 жүк тасымалдайтын ұшағы тұрғын үйлердің үстіне құлаған, - деп хабарлайды РИА Новости. 

Салдарынан құтқарушылар жергілікті тұрғындардың мәйіттерін тауып жатыр. Олар қырғыз денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 15 адамның мәйітін тапқан. Олармен қатар, пилоттың денесі де табылған. Оқиға салдарынан қазіргі уақытта кем дегенде 16 адамның қаза болғаны айтылады. Алайда ұшақ экипажының тағдыры әлі де белгісіз. Тек экипаждың бір мүшесінің аман қалып, ауруханаға жеткізілгені айтылады.

Ал лайнер құлаған үйде құтқарушылар тоғыз ересек адамның және алты баланың мәйітін тапқан. Сонымен бірге, екі ересек адам мен үш баланың зардап шеккені айтылып отыр.

"Гонконгтан келе жатқан түркиялық компанияның жүк тасымалдаушы ұшағы Қырғызстан астанасындағы "Манас" әуежайында ауа райының қолайсыздығынан апатқа ұшырады. Ұшақ құлаған жерде орналасқан екі үй өртеніп жатыр", - деп хабарлады Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің дағдарыс жағдайында басқару орталығының басшысы Мухаммед Сваров. Ал кейін ол экипаждың үш мүшесі қаза тапқанын растады.

Сондай-ақ, оқиға орнына үкімет басшысы Мухамметкалый Абулгазиевтің бара жатқаны хабарланды. Бұл туралы республика үкіметінің өкілі Толгоной Стамалиева хабарлапты.

Еске салайық, оқиға "Манас" әуежайында 16 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 07.30-да болған. Апатқа ұшыраған жүк ұшағының Turkish Airlines әуе компаниясының иелігінде екені анықталып отыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай