29 қараша 2021 17:10

Қырғызстандағы сайлау: бірнеше партия сайлау нәтижесіне қарсы наразылыққа шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бішкекте Жогорку Кенеш (Жоғарғы кеңес) сайлауының алдын ала қорытындысына қарсы саяси партиялар наразылыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бішкекте Жогорку Кенеш (Жоғарғы кеңес) сайлауының алдын ала қорытындысына қарсы саяси партиялар наразылыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қырғыз Республикасының Сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясының ғимаратына "Ата Мекен", "Социал-демократтар", "Улуттар биримдиги" және "Азаттық" партияларының мүшелері, сондай-ақ бір мандатты округтер бойынша кандидаттар мен олардың жақтастары бейбіт наразылық шарасына жиналды.

Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында "Улуттар биримдиги" партиясынан үміткер Артур Медетбеков жиналғандардың талабы туралы айтып берді.

Сондай-ақ, "Ата Мекен" партиясынан үміткер Клара Сооронқулова, алдын ала қорытынды бойынша парламентке тек ауқатты адамдар өткенін, ал бір мандатты округтер бойынша жеңімпаздар арасында әйелдер жоғын айтты.

Бұл ретте наразылық білдірушілер алдына Қырғыз Республикасының сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясының төрайымы Нұржан Шайдалбекова шықты.

Ол дауыс берудің алдын ала нәтижелеріне байланысты қалыптасқан жағдай үшін кешірім сұрады.

Ол сөз сөйлеген кезде наразылық білдірушілер "ұят" деп ұрандады.

Шайдалбекова мән-жайды анықтау үшін партия өкілдерін ОСК-ға келуге шақырды. Бұл ұсыныс "Социал-демократтар" партиясынан үміткер Ирина Карамушкинаға ұнамады.

Жиынға елдің жас азаматтары да қатысқан.

Елхан Алыбаев Tengrinews.kz тілшісіне неліктен наразылық шеруіне шығуды ұйғарғанын айтты.

Қазіргі уақытта наразылық білдірушілер үзіліс алды.

Айта кетейік, кеше Қырғызстанда Жогорку Кенешке сайлау өтті.

Алдын ала нәтижелер бойынша парламентке 10 партия өтті. Алайда кешкісін Қырғызстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайты істен шығып, одан кейін 5 пайыздық межеден өткен саяси бірлестіктердің тізімі 6-ға дейін қысқарды.

Зулайка Эркимбаева

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети