1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Қырғызстандық депутат ұсталды. Ол зауытты басып алмақ болды деп айыпталды 16 қаңтар 2021, 11:26

Қырғызстанның Жоғарғу Кенеш депутаты Дуйшон Торокулов сыбайлас жемқорлық ісі аясында ұсталды, - деп хабарлайды 24.kg МҰҚК баспасөз қызметіне

Қырғызстанның Жоғарғу Кенеш депутаты Дуйшон Торокулов сыбайлас жемқорлық ісі аясында ұсталды, - деп хабарлайды 24.kg МҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, депутат Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар және Ошта зауытты басып алмақ болды деген күдікке ілінген. Айта кетейік, күдікті Дуйшон Торокулов Душка деген лақапатпен белгілі.

Ол жедел іздестіру шараларынан кейін ұсталды. Онымен бірге Шу облысының аумағында қылмыстық топтың басқа мүшесі Жантай Шәменов те ұсталды.
 

"Бішкектің Первомай аудандық сотының қаулысымен Дүйшон Торокуловқа қатысты екі ай мерзімге МҰҚК тергеу изоляторында қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Жантай Шәменов МҰҚК тергеу изоляторының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазады басылым.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!