28 қаңтар 2021 11:55

Қырғызстанның жаңа президенті бірінші Қазақстанға емес, Ресейге барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қырғызстанның жаңа президенті Садыр Жапаров бірінші Қазақстанға емес, Ресейге келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қырғызстанның жаңа президенті Садыр Жапаров бірінші Қазақстанға емес, Ресейге келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

24.kg мәліметінше, ел президентінің баспасөз хатшысы Галина Байтерек Садыр Жапаров бірінші Ресейге баратыны туралы хабарды растаған. 

"Сайланған президент алғашқы шетелдік сапарын Ресей Федерациясына жасамақ. Бұл бағыттағы жұмыстар қазірдің өзінде жүріп жатыр. Ресей тарапымен бірге алдағы сапардың күндері мен мазмұны пысықталып жатыр. Ресей Садыр Жапаровты қабылдауға дайын емес деген хабар шындыққа жанаспайды", - деді Галина Байтерек.

Еске салайық, 11 қаңтарда Садыр Жапаров ел президенті ретіндегі алғашқы сапарын Қазақстанға жасайтыны хабарланған. Жапаровты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шақырған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети