30 қаңтар 2017 16:26

Қырымда тергеушілер қазақстандықты ұрып-соққан - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырымдағы "Тайган" сафари саябағында жұмыс істеп жүрген қазақстандық Виктор Парфененко Ресей Федерациясының тергеу комитеті өкілдерінен зардап шеккенін мәлімдеді. Бұл туралы "Новый Крым" басылымы хабарлады.


Қырымдағы "Тайган" сафари саябағында жұмыс істеп жүрген қазақстандық Виктор Парфененко Ресей Федерациясының тергеу комитеті өкілдерінен зардап шеккенін мәлімдеді. Бұл туралы "Новый Крым" басылымы хабарлады.

Қырымдағы "Тайган" сафари саябағында осымен бір ай бойы қаза тапқан жұмысшының өлімі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мәліметінше, саябақтағы жолбарыс немесе арыстан 29 жастағы ер адамды тістеп алған. Содан ер адам бірнеше күннен кейін қайтыс болған. Бірақ оны ешкім ауруханаға жеткізбеген. Саябақтың жұмысшылары оны осыған дейін саябақ аумағынан тыс жерде иттің тістеп алғанын айтып отыр.

29 қаңтарға қараған түні күш құрылымдары тінту жұмыстарын жүргізіп, саябақ қызметкерлерінен жауап алған. Олар арыстандар мен жолбарыстарға арналған торлардан қаза тапқан жұмысшыға қатысты биологиялық заттарды табу мақсатында арнайы аппаратпен ультракүлгін сәулелер арқылы тінту жұмыстарына жүргізген.

Саябақтың директоры Олег Зубков пен ондағы қызметкерлердің айтуынша, тергеу жұмыстары қатаң түрде жүргізілген. Полиция қызметкерлері қаза тапқан жұмысшыны иттер емес, жабайы жануарлардың тістеп алғаны жайлы түсініктеме алу үшін тіпті ұруға дейін барған делінеді.

Зубковтың айтуынша, "Тайганда" жұмыс істеп жүрген қазақстандық Виктор Парфененко қатты зардап шекті. Басылымның мәліметінше, Виктор полиция қызметкерлерінің одан мас күйінде жауап алып, соққыға жыққанын айтқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети