16 наурыз 2014 16:58

Қырымдағы референдумның нәтижесі 17 наурызда жарияланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет Көрнекі сурет

Қырымдағы референдумның алғашқы ресми нәтижелері бүгін кешке белгілі болады. Бірақ, соңғы нәтижелер ресми түрде 17 наурызда жарияланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Қырымдағы референдумды 23 елден келген 70-ке жуық бақылаушы қадағалауда. Олардың арасында Польшаның, Австрияның, Францияның, Германияның, Бельгияның, Венгрияның, Грецияның, Италияның, Латвияның, АҚШ-тың, Израильдің өкілдері бар. Сайлау учаскелері бүгін жергілікті уақытпен сағат таңғы 8-00-де ашылды. Дауыс беру кешкі 20-00-де тоқтатылады. Референдум өткізу үшін 27 аумақтық сайлау комиссиясы және 1205 учаскелік комиссия құрылған. Дауыс беру үшін 1 млн 512 мың 725 бюллетень жасалған. Референдумды дайындау комиссиясы мерзімі өткен төл құжаттарды қолданудан бас тартып отыр. Сондай-ақ, шетелде жүрген қырымдықтар дауыс бере алмайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети