01 тамыз 2017 16:53

Қытай алғашқы шетелдік әскери базасын Африкада құрды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ridus.ru © ridus.ru

Қытай шетелдегі алғашқы әскери базасын ашты, - деп хабарлайды Lenta.ru сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 


Қытай шетелдегі алғашқы әскери базасын ашты, - деп хабарлайды Lenta.ru сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Джибутиде (Шығыс Африка) жергілікті уақыт бойынша таңғы 08:00-де салтананатты түрде Қытайдың туы көтерілді. Осыдан кейін ҚХР-дың әскери кемелері жағалауға тоқтады. 

Салтанатты шараға 300 әскери мен теңізші қатысқан, олардың ішінде Қытайдың Әскери теңіз күштері басшысының орынбасары Тянь Чжуна бар. 

Әскери база аймақтағаы әскери бейбітшілік операциялар, Африка мен Батыс Азияға гуманитарлық көмек жеткізге арналған. Сонымен бірге, онда әскери жаттығулар да өтетін болады. 

Қытайдың Африкада әскери база салып жатқаны 2016 жылы белгілі болған. Бұл базаға алғашқы әскерилер биыл маусымда жіберілді. Мұнда барлығы 2000 әскери қызмет атқаратын болады. 

Джибути - халық саны 740 мың адам болатын Шығыс Африкадағы мемлекет. Бұл ел аумағында қазір АҚШ, Франция мен Жапонияның әскери пунктері бар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети