Қытайда 3D-принтермен көпір басып шығарған

11 Ақпан, 08:29
0
© twitter.com / @Lizzie_Chantree
© twitter.com / @Lizzie_Chantree

Бейжіңде Цинхуа университетінің сәулет мектебі 3D-принтерде бетон көпірді басып шығарды, - деп хабарлайды Dezeen басылымы.

Әлемде ең алғаш осындай әдіспен жасалған бір жақты көпір полиэтилен фибробетоны мен қоспалардан жасалған. Құрылыс 176 блоктан тұрады, оны жасау үшін роботталған қолы бар екі 3D басып шығару жүйесі пайдаланылған. 

Басылымның мәліметінше, көпірдің ұзындығы 26,3 метр, ал ені 3,6 метр. Бетоннан жасалған көпір Баошань ауданындағы арнадан өтеді. Барлық элементті басып шығаруға 450 сағат кеткен. 

Көпірді дәстүрлі әдіспен салғанша, басып шығарған үш есе арзанға шығады екен, себебі оған арматура мен торлама қолданылмайды. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай