19 мамыр 2021 12:16

Қытайда болған жаңалықтан кейін биткоин күрт арзандады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Қытайда криптовалюта айналымына байланысты жаңалық тарағаннан кейін биткоин тәулігіне 14 пайызға арзандап, 39 мың долларға дейін түсіп кетті. Бұған сауда-саттық туралы деректер дәлел болады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Көлемі бойынша ең ірі криптовалюта биржасында Binance биткоины Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 10.48-де 13 пайыздан аса, 39,2 мың долларға дейін арзандаған. CoinMarketCap порталы мәліметі бойынша, 20-дан аса биржаның орташа бағасын есептейтін биткоин Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 11.43-те  39,1 мың долларға дейін арзандаған.

Бұған дейін Қытай Орталық банк виртуал валюталарды төлем құралы ретінде пайдалануға болмайды деп мәлімдеді, деп жазды Франс Пресс агенттігі.

Биткоин 14 сәуірде тағы бір рет тарихи максимумды жаңартты және 64 854 доллар болды. Осылайша биткоин осы рекордтың шамамен 38 пайызын жоғалтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети