10 шілде 2023 12:15

Қытайда ер адам пышақпен балабақша тәрбиеленушілеріне шабуыл жасады

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында ер адам балабақша тәрбиеленушілеріне шабуыл жасады. Салдарынан 6 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NewsAsia арнасына сілтеме жасап.


Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында ер адам балабақша тәрбиеленушілеріне шабуыл жасады. Салдарынан 6 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NewsAsia арнасына сілтеме жасап.

Оқиға дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 07:40-та Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы Ляньцзян уезінде болды. Шабуыл салдарынан бір тәрбиелеуші, екі ата-ана және үш бала қаза тапты. Тағы бір адам жарақат алды.

Полиция қызметкерлері шабуыл жасады деген күдікпен пышақ ұстаған 25 жастағы ер адам ұсталғанын хабарлады. Олар мұны "қасақана шабуыл" деп атады. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Осыған дейін Бразилияның Санта-Катарина штатындағы Блуменау қаласында 25 жастағы жігіт балтамен балабақша тәрбиеленушілеріне шабуыл жасап, төрт бала қайтыс болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети