02 маусым 2021 15:35

Қытайда жойқын құйыннан бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Қытайда Хэйлунцзян провинциясының солтүстік-шығысында орналасқан Шанчжи қаласында құйын салдарынан бір адам қаза тауып, 16 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Xinhua.


Қытайда Хэйлунцзян провинциясының солтүстік-шығысында орналасқан Шанчжи қаласында құйын салдарынан бір адам қаза тауып, 16 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Xinhua.

Қалалық билік мәліметі бойынша, Шанчжи қаласындағы құйын жергілікті уақыт бойынша 17:30-да басталып шамамен 30 минутқа созылған. Төтенше жағдай салдарынан төрт жергілікті ауыл зардап шеккен. Қатты желге қоса бұршақ та жауған.

Құйын салдарынан 148 үй, ауылшаруашылық жерлер мен зауыттар зардап шеккен.

240-тан аса ауыл тұрғындары эвакуацияланды, ал экономикалық шығын 5,12 миллион юаньға (шамамен 795 400 АҚШ доллары) бағаланады. Дәрігерлер зардап шеккендердің бірінің жағдайын ауыр деп бағалаған, ал қалғандары жеңіл жарақат алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети