Қытайда жойқын тайфуннан қаза тапқандар саны 43-ке жетті

12 Тамыз, 10:34
0
Қытайда жойқын тайфуннан қаза тапқандар саны 43-ке жетті - © REUTERS / Aly Song
© REUTERS / Aly Song

Қытайдың шығысына жеткен "Лекима" жойқын тайфунынан қаза тапқандар саны 43-ке дейін артты, тағы 17 адам ұшты-күйлі жоғалып кетті, - деп хабарлады РИА Новости тілшісі Қытайдың орталық телеарнасына сілтеме жасап.

Бұған дейін 32 адам қаза тапқаны және 16 хабар-ошарсыз кеткендер туралы хабар түскен. 

"12.10-дағы (Нұр-Сұлтан уақытымен 10.10) жағдай бойынша Чжэцзян провинциясында "Лекима" тайфунынан 38 адам қаза тауып, тағы 10 адам із-түзсіз жоғалып кетті", - деп хабарлады телеарна тілшілері.

Құрбандар негізінен Вэньчжоу қаласының Юнцзя уезінде, онда көшкін өзендерді бұғаттап су тасқыны болған. Апатқа байланысты билік өкілдері миллионнан астам жергілікті тұрғынды көшіруге мәжбүр болды. Чжэцзян провинциясындағы апат аймағында жалпы алғанда бес миллионнан астам адамға қауіп төнді. Тайфун салдарынан 173 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптары су астында қалды, оның тікелей экономикалық шығын шамамен 2,1 миллиард долларға бағаланды. 

Бұл уақытта жексенбіде кешке қарай тайфун Шаньдун провинциясына жетіп, бес адам қаза тапты, тағы жетеуі із-түзсіз жоғалып кетті. Апат аймағында барлығы 1,65 миллионнан аса адам қалды, билік 180 мыңнан астамын эвакуациялады. Тайфун 175 мың гектар ауыл шаруашылығына арналған жерді жойып, 600-ден астам ғимаратты қиратты.

Еске салсақ, Қытайдағы осы жылдың тоғызыншы тайфуны 10 тамызда Чжэцзян провинциясының Вэньлин қалалық уезінің жағалауына жетті. Желдің екпіні секундына 52 метрге жетті. Қытайдың орталық метеорологиялық қызметі жұма күні таңертең қауіптің "қызыл" белгісін соқты. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай