02 наурыз 2014 15:36

Қытайдағы теракт құрбандары арасында шетелдіктер жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Weibo.com ©Weibo.com

Қытайдың теміржол вокзалындағы лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар арасында шетел азаматтары жоқ, бұл туралы Tengrinews.kz "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. "Жексенбі күнгі сағат 14.30-дағы мәлімет бойынша 1 наурыз күні Куньмин теміржол вокзалында болған террорлық акт салдарынан зардап шеккендер арасында шетелдіктер мен Сянган, Аомэнь, Тайвань арнайы әкімшілік аудандарының тұрғындары жоқ", - делінген хабарламада. Агенттік жексенбі күні таңертең құрбан болғандар санының 29-ға жеткенін, жарақат алғандардың 130-дан асатынын хабарлады. "Теракт орнында төрт шабуылшы өлтіріліп, тағы бір қылмыскер ұсталды. Бұл лаңкестікті Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының сепаратистері жасады", - деп хабарлайды "Синьхуа". Бұған дейін 1 наурыз күні Юньнань провинциясындағы Куньмин қаласының теміржол вокзалында қара киім мен қара бетперде киінген белгісіз біреулердің адамдардың басын кесіп кеткені хабарланған еді. Баскесерлер шамамен 10 шақты адам болған. Қытай билігі бұл оқиғаны террорлық әрекет деп бағалады. ҚХР басшысы Си Цзиньпин қылмыскерлерді жылдам ұстау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды тапсырды. "Оларды заңға сәйкес ең қатал жаза күтіп тұр", - деп мәлімдеді ол. Айта кетейік, Куньмин вокзалы - Қытайдың оңтүстік-батысындағы ірі стратегиялық нысандардың бірі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети