04 қазан 2017 | 16:46

Лас-Вегаста 60-қа жуық адамды қырып салған атқыштың қарулары көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© twitter.com/MikeTokes © twitter.com/MikeTokes

Лас-Вегаста 1 қазанда қанды қырғын жасаған Стивен Пэддоктың қонақүйде жалдаған бөлмесі түсірілген суреттер жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости ұлыбританиялық Daily Mail таблойдына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Лас-Вегаста 1 қазанда қанды қырғын жасаған Стивен Пэддоктың қонақүйде жалдаған бөлмесі түсірілген суреттер жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости ұлыбританиялық Daily Mail таблойдына сілтеме жасап. 

Басылым жариялаған суреттерде атқыштың нөмірінің қиратылған есігі көрінеді. Оны алдына "Қылмыс орны. Кіруге болмайды" деген сары жолақ ілінген.

Қалған суреттерде қылмыстан кейін өзіне қол салған ер адамның мәйіті бейнеленген. Алайда Пэддоктың жарты мүрдесі көрінеді. Оның жанында екі қару мен гильзалар шашылып жатыр. 


© twitter.com/MikeTokes

Мұнда атқыш бөлме терезесін сындырған балға да жатыр, сол жерден қаскөй концерт көрермендеріне оқ жаудырған, деп жазады газет. Басылым Пэддоктың дастарханында хат болғанын, бірақ онда не жазылғаны әзірше белгісіз қалып отырғанына баса назар аударады.

Еске салайық, 1 қазанда Лас-Вегастағы музыка фестивалінде атыс шығып, 59 адам қаза тапқан, тағы 500-ден аса адам зардап шеккен. Фестивальде оқиға кезінде 22 мыңдай адам болыпты. 

Қырғын жасағаннан кейін ер адам өзіне қол жұмсаған, ал полиейлер нөмір ішінде сегіз дана қару тапқан. KNTV телеарнасы атқыштың қаруды екі платформаған орнатқанын анықтапты. Сонымен қатар, ол полицейлердің қалай келіп жатқанын камера арқылы көріп отырған. 

Лас-Вегастағы қырғын АҚШ тарихында адам өлімі ең көп тіркелген оқиға болып отыр. Мұның алдында 2016 жылдың 12 маусымында Орландода болған қырғын қаза тапқан адам саны бойынша ең көбі еді. Сол кезде Pulse гей-клубында 49 адам өлтіріліп, 53-і жарақат алған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети