05 қазан 2017 11:13

Лас-Вегастағы қырғын: Шериф атқыштың "құпия өмірі" жайлы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Business Insider © Business Insider

Лас-Вегаста 1 қазанда қанды қырғын жасаған Стивен Пэддоктың "құпия өмірі" болған, ол он жыл бойы қару жинаған. Бұл туралы Лас-Вегас шерифі Джозеф Ломбардо мәлімдеді, - деп хабарлайды NBC News.


Лас-Вегаста 1 қазанда қанды қырғын жасаған Стивен Пэддоктың "құпия өмірі" болған, ол он жыл бойы қару жинаған. Бұл туралы Лас-Вегас шерифі Джозеф Ломбардо мәлімдеді, - деп хабарлайды NBC News.

Оның айтуынша, тергеушілер соңғы үш күнде Пэддоктың өмірін зерттеген, алайда ешқандай мысал келтірмеді. Сонымен қатар, ол биліктің әлі күнге дейін Пэддоктың қалай күн көргенін білмейтінін айтты. 

Ломбардо Пэддоктың бұл қылмысқа баруға не себеп болғанын айтпады, алайда атыс болған жерден сытылып кетуді жоспарлағанын хабарлады. Кісі өлтірушінің автокөлігінде 22 келі таннерит болған, ол жарылғыш заттарды дайындау үшін қажет және көлікте 1,6 мың оқ болған. 

Сонымен қатар, Желіде Стивен Пэддоктың туған ағасы берген сұхбат жарияланды. 

Ал таяуда жарияланған суреттерде қылмыстан кейін өзіне қол салған ер адамның мәйіті бейнеленген. Алайда Пэддоктың жарты мүрдесі көрінеді. Оның жанында екі қару мен гильзалар шашылып жатыр. 
© twitter.com/MikeTokes

Мұнда атқыш бөлме терезесін сындырған балға да жатыр, сол жерден қаскөй концерт көрермендеріне оқ жаудырған, деп жазады газет. Басылым Пэддоктың дастарханында хат болғанын, бірақ онда не жазылғаны әзірше белгісіз қалып отырғанына баса назар аударады.

Еске салайық, 1 қазанда Лас-Вегастағы музыка фестивалінде атыс шығып, 59 адам қаза тапқан, тағы 500-ден аса адам зардап шеккен. Фестивальде оқиға кезінде 22 мыңдай адам болыпты. 

Қырғын жасағаннан кейін ер адам өзіне қол жұмсаған, ал полиейлер нөмір ішінде сегіз дана қару тапқан. KNTV телеарнасы атқыштың қаруды екі платформаған орнатқанын анықтапты. Сонымен қатар, ол полицейлердің қалай келіп жатқанын камера арқылы көріп отырған. 

Лас-Вегастағы қырғын АҚШ тарихында адам өлімі ең көп тіркелген оқиға болып отыр. Мұның алдында 2016 жылдың 12 маусымында Орландода болған қырғын қаза тапқан адам саны бойынша ең көбі еді. Сол кезде Pulse гей-клубында 49 адам өлтіріліп, 53-і жарақат алған болатын.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети