26 қазан 2017 11:16

Лас-Вегастағы қырғын: Атқыштың бауыры жантүршігерлік қылмысымен әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AP Photo © AP Photo

Лас-Вегастағы атқыш Стивен Пэддоктың бауыры Брюс Пэддокке қарсы тергеу шаралары Лас-Вегастағы атысқа дейін басталған екен, оны Лос-Анджелесте балалар порнографиясын сақтады деген күдікке ілініп, қамауға алынды, - деп хабарлайды TMZ.


Лас-Вегастағы атқыш Стивен Пэддоктың бауыры Брюс Пэддокке қарсы тергеу шаралары Лас-Вегастағы атысқа дейін басталған екен, оны Лос-Анджелесте балалар порнографиясын сақтады деген күдікке ілініп, қамауға алынды, - деп хабарлайды TMZ.

Дереккөздің мәліметінше, осы жағдаймен таныс адамдар Брюс Пэддокке қарсы тергеу шаралары Лас-Вегастағы атысқа дейін басталғанын айтады. Тергеушілер оның осы күнге дейін қайда тұрып жатқанын таба алмаған.

Пэддокты тұтқындау барысында Солтүстік Голливудте қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарған арналған үйден тінту барысында оның компьютерінен кәмелет жасына толмаған балалардың қатысуымен порнографиялық сипаттағы материалдар табылған. 

Еске салайық, 1 қазанда Лас-Вегастағы музыка фестивалінде атыс шығып, 59 адам қаза тапқан, тағы 500-ден аса адам зардап шеккен. Фестивальде оқиға кезінде 22 мыңдай адам болыпты. 

Лас-Вегастағы қырғын АҚШ тарихында адам өлімі ең көп тіркелген оқиға болып отыр. Мұның алдында 2016 жылдың 12 маусымында Орландода болған қырғын қаза тапқан адам саны бойынша ең көбі еді. Сол кезде Pulse гей-клубында 49 адам өлтіріліп, 53-і жарақат алған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети