Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Legoland саябағында апат болып, 31 адам зардап шекті 12 тамыз 2022, 08:48

Германияның Гинсберг қаласындағы Legoland ойын-сауық саябағында екі пойыз соқтығысты. Апат салдарынан 31 адам зардап шекті, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Германияның Гинсберг қаласындағы Legoland ойын-сауық саябағында екі пойыз соқтығысты. Апат салдарынан 31 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sky News басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 31 адамның он бесі емделу үшін ауруханаға жеткізілді, біреуінің жарақаты ауыр.

Fire Dragon аттракционындағы бір пойыз күрт тоқтағанда, екіншісі келіп соқтығысқан.

Оқиға орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің үш тікұшағы мен қызметкерлері жіберілді.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram