29 қазан 2018 16:14

"Лестер" ФК иесінің апатқа ұшыраған тікұшағында Тайландтың сұлулық байқауының жеңімпазы да болған

© The Amed Post

Тайланд тумасы, сұлулық байқауының жеңімпазы Нусара Сукнамай "Лестер" ФК президентімен бірге өткен сенбіде стадион маңынан ұшып шыққан тікұшақ апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тайланд тумасы, сұлулық байқауының жеңімпазы Нусара Сукнамай "Лестер" ФК президентімен бірге өткен сенбіде стадион маңынан ұшып шыққан тікұшақ апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Лестершир графтығының мәліметінше, тікұшақ бортында Вишай Шривадданапрабхамен бірге тағы төрт адам болған. Миллиардердің екі қызметкері - Нурсара Сукнамай мен Кавепорн Пунпарэ, ұшқыш Эрик Сваффер мен жолаушы Изабела Роза Лечович.

Реклама
Реклама

"Оқиға болған уақытта тікұшақ бортында бес адам болған. "Лестер" футбол клубының төрағасы Вишай Шривадданапрабха мен оның екі қызметкері - Нурсара Сукнамай және Кавепорн Пунпарэ, ұшқыш Эрик Сваффер мен жолаушы Изабела Роза Лечович", - делінген полицияның сайтында. 

Сукнамайдың Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған соңғы суретке қолданушылар көңіл білдіру хаттарын жазып жатыр.  

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nusara Suknamai (@zara_nusara) 24 Окт 2018 в 3:59 PDT

Нусара Сукнамай 1985 жылы 6 мамырда Бангокта дүниеге келген. 33 жастағы модель миллиардермен бірге жұмыс істеген және әуе апаты кезінде бірге болған.  

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nusara Suknamai (@zara_nusara) 27 Июн 2018 в 7:13 PDT

 

Нусара Сукнамай - "Miss Thailand Universe 2005" және "Miss Photogenic of MTU 2005" сұлулық байқауы жеңімпаздарының бірі. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nusara Suknamai (@zara_nusara) 22 Окт 2018 в 1:39 PDT

Instagram желісіндегі парақшасынан қыз баланың спортпен белсенді түрде айналысқанын байқауға болады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nusara Suknamai (@zara_nusara) 31 Авг 2018 в 12:48 PDT

"Лестер" ФК өкілдері клуб иесі тікұшақ апатынан қайтыс болғаны туралы мәліметті растады. 

Әуе апаты Ағылшын премьер-лигасының "Лестер" - "Вест Хэм" ойынынан кейін болды. Куәгерлердің айтуынша, дәстүрлі түрде өз алаңындағы ойыннан кейін тікұшақ футбол алаңынан әуеге көтерілген. Бірнеше секундтан соң ұшқыш тізгінге ие бола алмай, ұшатын аппарат King Power стадионынан бір шақырымға жетпейтін қашықтықта автокөлік тұрағына құлаған. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram