Ливан астанасында ереуілге шыққан 50-ден аса адам зардап шекті

15 Желтоқсан 2019, 10:54
0
Ливан астанасында ереуілге шыққан 50-ден аса адам зардап шекті -

Ливан астанасы Бейрут қаласында ереуілге шыққандар ішкі қауіпсіздік күштерімен қақтығыс салдарынан 54 адам зардап шекті, - деп хабарлайды LBC телеарнасы. Он шақты адам ауруханаға түскен, қала орталығына жедел жәрдем кареталары ағылып жатыр. 

Ливан ІІМ өкілдері 20 полицейдің зардап шеккені туралы айтты. Ереуілге шыққандарға түтін шығаратын граната лақтырылғаннан кейін, жағдай ушыққан. Акция қатысушылары құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тас лақтырған. Сосын полицейлер көзден жас шығаратын газ қолданған. 

Ереуілге шыққандар жергілікті уақыт бойынша 17:00-де парламент ғимаратына кіруді ойлаған, осы кезде әскери қызметкерлер оларға тосқауыл болған. Қақтығыс кезінде тас лақтырылған, таяқтар мен көзден жас шығаратын газ қолданылып, теке-тірес бірнеше сағатқа созылған. Біршама уақыттан соң ереуілге шыққандарға Бейрут орталығына Ливанның басқа да қалаларынан келгендер қосылған.

Осыған дейін, шейіттік партия жақтастары полицияға қарсы отшашулар атқан. 

17 қазанда Ливанда антиүкіметтік көтерілістер басталды. 29 қазанда Үкімет басшысы Саада Харири отставкаға кеткеніне қарамастан, елдегі көтерілістер тоқтамаған. Елдегі экономикалық және қаржы жағдайы кризистік нүктеге жеткен. Ел президенті Мишель Аун қазанның басында мемлекеттік қаржылық блокада мен санкциялардың салдарынан зардап шегіп отырғанын мәлімдеген еді. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай