24 шілде 2020 14:51

Ливанда гиперинфляция басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Ливанда азық-түлік және қызмет көрсету бағасының тез өсуі гиперинфляцияға алып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Ливанда азық-түлік және қызмет көрсету бағасының тез өсуі гиперинфляцияға алып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ливан - Таяу Шығыста гиперинфляция болған алғашқы ел. Гиперинфляция елдегі инфляция 50 пайыздан асып, 30 күнге созылған жағдайда болады. 

Johns Hopkins университетінің профессоры Стив Ханктің айтуынша, Ливан Венесуэла мен Зимбабвенің қатарына қосылған. Соңғы жылдары бұл елдерде гиперинфляция болған.

"Инфляцияның негізгі себептері бірдей болып келеді. Үкімет тапқан ақшасынан көп қаражат жұмсайды. Кейін орталық банктен ақша тапшылығын жоюға шақырады. Гиперинфляция жағдайында орталық банк үкіметтердің барлық қаржылық операциясын төлеуге міндетті", - дейді ғалым.

Ливандық Credit Libanais банкінің мәліметіне сәйкес, былтырмен салыстырғанда елде азық-түлік және қызмет көрсету бағасы 190 және 172 пайызға өскен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети