15 тамыз 2021 12:10

Ливанда танкер жарылысынан 20 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ливанның солтүстік-батысында танкер жарылып, салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 


Ливанның солтүстік-батысында танкер жарылып, салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

"Аккардағы танкердің жарылуы салдарынан біздің командалар аудандық ауруханаларға 20 адамның мәйітін және жеті жаралы адамды тасымалдады", - деді Ливан Қызыл Крестінің өкілдері Twitter-де.

Ақпарат бойынша, ұйымның 22 командасы зардап шеккендерге көмектесіп жатыр. 

Al Arabiya телеарнасы ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып Аккар аймағында танкердің жарылуы салдарынан 100-ге жуық адам жарақат алғанын хабарлады. 

Қазіргі уақытта Ливанда ауыр экономикалық дағдарыс болып жатыр. Тіпті ел астанасында электр энергиясы тәулігіне төрт сағаттан артық берілмейді. Қалған уақытта генераторлар қолданылады, бұл жанармай тапшылығын тудырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети