04 тамыз 2016 10:46

Лондон орталығында белгісіз біреу пышақпен шабуыл жасады: 1 адам қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bbc.com © bbc.com

Лондон орталығында белгісіз біреу пышақпен шабуыл жасап, бір адам қаза тапты және кемінде бес адам жарақат алды, - деп хабарлайды РИА Новости қала полициясына сілтеме жасап.


Лондон орталығында белгісіз біреу пышақпен шабуыл жасап, бір адам қаза тапты және кемінде бес адам жарақат алды, - деп хабарлайды РИА Новости қала полициясына сілтеме жасап.

"Оқиға орнынан жарақат алған алты адам табылды", - делінген полицияның мәлімдемесінде. Соның біреуі қаза тапқаны белгілі болған.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша 22.30-да Рассел-скверде болған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, олардың жағдайы нақтылануда. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, шабуыл жасаушы ұсталған. Кішкене уақыттан соң полиция оқиға орнына қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін тағы да бөлім жіберген.

Сондай-ақ, Лондонның орталығында шабуыл жасаған күдіктінің психикалық ауытқулары болуы мүмкін - бұл туралы полиция мәлімдемесінде белгілі болды.

"19 жастағы ер адам қамауға алынды, қазіргі кезде ол уақытша қамау изоляторының ауруханасында. Алдын ала мәліметтер бойынша шабуыл жасауға жан күйзелісі себеп болуы мүмкін, және осы тізбек бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде", - деді арнайы мәлімдеме хабарлау кезінде полиция өкілі.

The Guardian басылымының хабарлауынша, тергеу барысында оқиғаның болуына терроризм себеп болуы мүмкін деген мәліметті жоққа шығармайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети