20 қараша 2018 17:55

Лукашенко Данэлия Төлешовамен кездесті

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© president.gov.by © president.gov.by

Белорусь президенті Александр Лукашенко Данэлия Төлешовамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.


Белорусь президенті Александр Лукашенко Данэлия Төлешовамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Сейсенбіде Белорусь президенті Александр Лукашенко өз резиденциясында "Балалар Евровидениесі" халықаралық байқауының қатысушыларымен кездесті. 


Сурет: president.gov.by

"Сендер қазірдің өзінде жеңімпазсыңдар", - деді Лукашенко, байқауға қатысып жатқан балалардың жетістігене аса мән беріп. Айтуынша, олар өз елдерінде болған іріктеуде жеңгендері үшін "қуанып, риза" болулары керек.

Сонымен қатар, Белорусь басшысы республика "адалдығы және әділдігімен" ерекшеленетінін атап өтті. "Сондықтан мұнда ең мықты ғана жеңеді", - деді Лукашенко.

Биыл "Балалар Евровидениесі-2018" байқауына 20 елден балалар қатысады, бұл 2003 жылдан бергі байқау тарихындағы рекорд көрсеткіш. Олар Қазақстан, Албания, Армения, Австралия, Әзірбайжан, Беларусь, Франция, Македония, Грузия, Ирландия, Израиль, Италия, Мальта, Польша, Португалия, Ресей, Сербия, Нидерланды, Уэльс және Украина.

Junior Eurovision байқауында Қазақстанның намысын Данэлия Төлешова қорғайды. Ол Украина мен Португалиядан келген қатысушылардан кейін үшінші болып өнер көрсетеді. Қыз қазақ және ағылшын тілінде жазылған "Өзіңе сен" әнін орындайды. 

Junior Eurovision Song Contest халықаралық ән байқауы - "Евровидения" байқауының аналогы, алайда онда 9-14 жас аралығындағы балалар өнер көрсетеді. 25 қарашада гранд-финал "Минск-Аренада" өтеді. Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де тікелей трансляция басталады. 

Байқаудың ережесіне сай, қатысушыларға қазылар алқасы (3 ересек және 2 бала) мен көрермендер дауыс бере алады. Дауыс беру, оның ішінде қазақстандық көрермендер үшін 23 қарашада junioreurovision.tv сайытнда ашылып, 25 қарашаға дейін жалғасады. Көрермендерге 5 елдің қатысушысына дауыс беруге мүмкіндік берілген. Дауыс берудің нәтижесі гранд-финал кезінде жарияланады. Junior Eurovision байқауында көп дауыс жинаған қатысушы жеңімпаз атанады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети