09 мамыр 2021 13:28

Лукашенко қаза болған жағдайда билік ауысуы туралы декретке қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусь президенті Александр Лукашенко 9 мамырда "Егемендік пен конституциялық құрылысты қорғау туралы" декретке қол қойды. Құжатта ол қаза болған жағдайда биліктің ауысуы туралы қарастырылған, - деп хабарлайды Тut.by.


Беларусь президенті Александр Лукашенко 9 мамырда "Егемендік пен конституциялық құрылысты қорғау туралы" декретке қол қойды. Құжатта ол қаза болған жағдайда биліктің ауысуы туралы қарастырылған, - деп хабарлайды Тut.by.

Құжатта қастандық жасау, терроризм, сыртқы агрессия, өзге де зорлық-зомбылық әрекеті салдарынан президент қаза тапқан жағдайда барлық мемлекеттік орган мен лауазымды тұлға премьер-министр төрағалық ететін Қауіпсіздік кеңесі отырыстарында қабылданған шешімге сәйкес әрекет ететіні айтылған.

Бұл ретте ел аумағына дереу төтенше немесе соғыс жағдайы енгізіледі, ал Қауіпсіздік кеңесі оны қамтамасыз ету жөніндегі шараларды айқындайды. Қауіпсіздік кеңесі шешімін бәрі орындауға міндетті.

Негізгі мәселе - сайлау өткізу мәселесі. Қауіпсіздік кеңесі шараларды өткізу туралы шешім қабылдайды.

Декрет елдің тәуелсіздігі мен егемендігін сақтауға бағытталған және ол қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

Бұған дейін Александр Лукашенко "беделін түсіретін" теріс қылықтары үшін 80 бұрынғы әскери мен құқық қорғау органдары қызметкерін әскери және арнайы атағынан айыру туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети