Малайзиялық әйел Skype арқылы "Ислам мемлекеті" жендетіне тұрмысқа шықты

viewings icon 107 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Полиция офицері (сол жақта) Сириядағы "Ислам мемлекеті" жендеті, "күйеуіне" бармақ болған әйелді ұстап, әкетіп бара жатыр. Фото straitstimes сайтынан алынған Полиция офицері (сол жақта) Сириядағы "Ислам мемлекеті" жендеті, "күйеуіне" бармақ болған әйелді ұстап, әкетіп бара жатыр. Фото straitstimes сайтынан алынған

Малайзиялық әйел Skype арқылы тұрмысқа шыққан, Сирияда "Ислам мемелекеті" тобында соғысып жүрген "күйеуіне" бармақшы болды, - деп хабарлайды Straitstimes.com. 27 жастағы әйел Куала-Лумпур әуежайында ұсталды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Малайзиялық әйел Skype арқылы тұрмысқа шыққан, Сирияда "Ислам мемелекеті" тобында соғысып жүрген "күйеуіне" бармақшы болды, - деп хабарлайды Straitstimes.com. 27 жастағы әйел Куала-Лумпур әуежайында ұсталды.

Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, әйелді "Ислам мемлекетінің" құрамына кіруге YouTubе порталынан қараша айында көрген бейне роликтер итермелеген. "Роликтерді көргеннен кейін ол мароккалық жендетпен танысып, оған тұрмысқа шыққан. Ол әйелді Сирияға баруға көндірді", - дейді полицияның инспектор-генералы Тан Сри Кхалид Абу Бакар.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Ислам мемлекеті" Иракта секс-жиһадтан бас тартқан 150 әйелді өлтірген болатын. Оларды Ирактың Эль-Фаллуджа қаласындағы бауырластар зиратына жерледі. Оған дейін бұл елде тұрмысқа шықпаған мұсылман әйелдердің жыныстық міндеттері туралы жарлық шыққан болатын.

Сонымен қатар "Ислам мемлекеті" Эбола дертін жұқтырды, деген мәліметті жақында БАҚ жариялады. The New York Post мәліметі бойынша, жендеттердің арасында бұл дерттің бар-жоғын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тексеріп жатыр. Ұйым өкілдері Бағдаттан 400 шақырым жерде орналасқан Ирактың Мосул қаласындағы аурухана емделушілерінің арасында Эболаға шалдыққандар бар-жоғын анықтауға тырысып жатыр. Ирак басшылығының мәлімдеуінше, "Ислам мемлекеті" өз тобындағыларды бұл дерттен құтқара алмайды, себебі оларда құрылғы да, диагноз қоятын дағды да жоқ.    

 

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
12°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю