Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Малайзиялық ұшаққа екі билет бөтен адамның атынан сатып алынған

10 Наурыз 2014, 03:06
0
Сурет planespotters.net сайтынан
Сурет planespotters.net сайтынан
Интерпол мәліметтер орталығында жоғалды немесе ұрланды деп көрсетілген екі төлқұжат жоғалып кеткен малайзиялық әуелайнеріне билет алу үшін пайдаланылғанын растады, деп хабарлайды "РИА Новости".
Қазірде рейске отыру үшін қолданылған басқа да күдікті төлқұжаттар тексерілу үстінде.

Бұған дейін хабарланғанындай, Малайзия құқық қорғау органы Boeing 777-200 ұшағында теракт жасалуы мүмкін нұсқасы бойынша тергеу амалдарын бастап кеткен болатын.

Атап айтқанда бүгін құқық қорғаушылардың қолына бұған дейін Италия және Австрия азаматтарының ұрланған төлқұжаттарымен бөтен 4 адамның ұшаққа отырғаны туралы мәлімет келіп түскен.

Қытайдың China Southern Airlines компаниясымен бірігіп Малайзия астанасы Куала-Лумпурдан Бейжіңге жолаушылар тасымалдаумен айналысқан әуелайнер ішінде сол күні 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған. Ол ұшақ сенбі күні малайзия уақытымен түнгі сағат 02.40 минутта радар экранынан жоғалып кеткен. Соңғы рет байланыс орнағанда ол ұшақтың королдік жағалауынан 220 шақырым қашықтықта ұшып бара жатқаны тіркелген. Синоптиктердің мәліметінше, ұшақ жоғалған аумақта сол сәтте күн ашық болғанын мәлімдеді.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай