09 желтоқсан 2021 15:07

Малидегі жарылыстан БҰҰ-ның жеті бітімгері қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS мұрағатынан ©REUTERS мұрағатынан

Мали орталығындағы жолда жарылыс болып, БҰҰ бітімгершілік миссиясының кемінде жеті мүшесі қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.


Мали орталығындағы жолда жарылыс болып, БҰҰ бітімгершілік миссиясының кемінде жеті мүшесі қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Оқиға логистикалық тізбек Мопти аймағының Бандиагара аумағындағы қалалар арасында келе жатқан кезде болған. Кейінгі айларда бұл аймақта экстремистік белсенділік күшейген. 

"Алғашқы деректер бойынша, қаза тапқандар саны жетеу болды, үшеуі ауыр жарақат алды", - деп жазды БҰҰ-ның Сахел аймағындағы миссиясы МИНУСМА Twitter-де.

МИНУСМА-да шамамен 16 500 адам, оның ішінде 60-тан аса елден 10 700 әскери қызметші бар. БҰҰ бұл миссия басқаларға қарағанда көп шығынға ұшырады деп мәлімдеді, әр кезеңдегі шабуылдар кезінде 150-ден аса мүшесі қаза болған.

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш жасалған шабуылды қатаң айыптады және Мали билігін шабуыл жасағандарды дереу жауапқа тарту үшін оларды анықтауға бар күш-жігерін аямауға шақырды, деп хабарлады Reuters.

"Ол Мали билігін осы шабуылдардың кінәлілерін тез арада жауапқа тарту үшін оларды анықтауға бар күш-жігерін аямауға шақырады", - деді Стефан Дюжаррик БҰҰ басшысының сөзін келтіре отырып.

2013 жылы Малиде құрылған MINUSMA БҰҰ миссиясы БҰҰ-ның әлемдегі ең қауіпті бітімгершілік миссиясы саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети