20 шілде 2021 16:30

Малидің вице-президентіне қастандық жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: aa.com Фото: aa.com

Малидің уақытша президенті міндетін артқарушы Ассими Гоитаға пышақпен шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Малидің уақытша президенті міндетін артқарушы Ассими Гоитаға пышақпен шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Оқиғаның мән-жайы әлі ашылған жоқ.

Малидегі әскери күштер 24 мамырда Ба Ндау мен премьер-министр Моктар Уанды тұтқындады және оларды Бамако астанасының жанындағы Кати әскери базасына көшірді. Вице-президент Ассими Гоита президент пен премьерді өтпелі хартияны бұзғаны үшін қызметінен босатқанын мәлімдеді. Гоита бастаған әскери кеңес елді басқаруды өз мойнына алды және келесі жылы Малиде президенттік және парламенттік сайлау өткізілетінін жариялады. Мали Конституциялық соты Гоитаны өтпелі кезең президенті деп жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети