Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Мальта соты Әлиевке қарсы айыптауларды тергеуге тыйым салды

12 Қараша 2014, 18:10
0
Рахат Әлиев. ©Тengrinews.kz
Рахат Әлиев. ©Тengrinews.kz

Рахат Әлиев Мальта азаматы емес, сол себепті ол қинау әдістерін қолдануға айыптау жөніндегі істің фигуранты бола алмайды. Мальта соты осындай шешім шығарды, - деп хабарлайды Malta Today. Қинау әдістерін қолданды деген айыпты Рахат Әлиевке Әкежан Қажыгелдиннің бұрынғы оққағарлары Петр Афанасенко мен Сәтжан Ыбыраев таққан болатын.

Олар Қазақстанның Венадағы бұрынғы елшісі тұрған Мальта елінің полициясына арызданған еді. Экс-оққағарлар полицияның сол кездегі комиссары Джон Риззо (John Rizzo) мен оның көмекшісі Эндрю Сейшелді (Andrew Seychell) тағылған айыптарды тергеуге шақырды. Бірақ 2013 жылдың мамыр айында полиция 90-жылдардың соңында Қазақстанда болған оқиғаларды зерттеуге құзыреті жоқ екенін айтып, олардың шағымын қабылдамай тастады. Ал Мальта соты Рахат Әлиевтің адамзатқа қарсы қылмыс жасағанын дәлелдейтін айғақтар жоқ екенін алға тартып, іс жүргізуден бас тартты.

2013 жылдың тамызында Афанасенко мен Ыбыраев тағы да шағымданды, бірақ шағымдары тағы да қабылданбады. Судья Аарон Бугежа (Aaron Bugeja) шағымданар алдында Рахат Әлиевтің осы уақытта ел резиденті болғанын дәлелдеу қажеттігін айтты. Бас прокурордың орынбасары Донателла Френдо Димех, Әлиевтің ол кезде ел азаматы болмағанын, тек еркін жүріп-тұру құқығын пайдаланғанын айтты. Рахат Әлиев 2010 және 2013 жылдар аралығында Мальтада тұрып, 2010 жылы мекендеу қағазын алады, бірақ Австрия азаматшасы Эльнара Шоразоваға үйленгеннен кейін ол рұқсаттан бас тартады. Әлиевтің үстінен шағымданушылар оның Мальтада бірнеше меншігі болғанын, ол соларға қаржы аударып тұрғанын айтты. Бірақ сот райынан қайтпады.

Айта кетейік, Рахат Әлиевтің өзі Австрия түрмесінде отыр. Саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың өлімі туралы іс бойынша оған қатысты сот анықталмаған мерзімге кейінге қалдырылды. Ал Қазақстанда Сәрсенбаев пен оның көмекшісін өлтіруге жәрдемдескені үшін сотталған Ержан Өтембаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босатылу туралы өтініші қанағаттандырылды. 2014 жылдың қаңтарында кісі өлтіру тапсырмасын орындаған Рустам Ибрагимов құқық қорғау органдарына Сәрсенбаевты өлтіруге шын мәнінде Ержан Өтембаев емес, Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев тапсырыс бергенін айтты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай