02 маусым 2017 10:40

Манилада қонақүйге шабуыл жасалды: 34 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Филиппинде батыс туристері ең көп баратын Resorts World Manila қонақүй кешенінде 1 маусымда кешкі уақытта атыс пен жарылыстар болған, - деп хабарлайды жергілікті БАҚ-тар. 


Филиппинде батыс туристері ең көп баратын Resorts World Manila қонақүй кешенінде 1 маусымда кешкі уақытта атыс пен жарылыстар болған, - деп хабарлайды жергілікті БАҚ-тар. 

Соңғы мәліметтер бойынша, бетперде киген белгісіздердің шабуылынан 25 адам зардап шеккен. Жарақат алған көптеген туристер қонақүй ғимаратында қалып қойған. Кейбіреуі екінші қабаттан секіремін деп ауыр жарақат алған. 

Шабуылды Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ террористік ұйымы өз мойнына алып отыр. Куәгерлер әлеуметтік желіде оқиғаның суреттері мен видеоларын жариялап жатыр. Оның кадрларынан адамдардың қонақүйден жаппай қашып жатқанын көруге болады. Роликтердің бірінен "содырлардың" ойын залында адамдарға оқ атып жатқанын байқауға болады. 

Филиппин полициясының басшысы Рональд де ла Розаның мәліметінше, оқиға террормен байланысы жоқ, бұл тонау әрекеті болған. Бетперде кигендер казиноның фишкаларын ұрлап кетпек болған. Қарақшылардың бірі 2,6 миллион доллардың фишкаларын қолды қылған. Кейін ер адам ұсталған. 

Ал ДАИШ-тың бұл шабуылды өз мойнына алуын Филиппин полициясы үгіт-насихат деп атап отыр. Кейін Маниладағы қонақүй кешенінде 34 адамның мәйіті табылғаны белгілі болды. Мұндай мәліметті Reuters жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети