26 қазан 2022 11:44

Маргарита Симоньянға Арменияға кіруге тыйым салынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Армения билігі тележүргізуші әрі RT телеарнасының бас редакторы Маргарита Симоньянға елге кіруге тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Армения билігі тележүргізуші әрі RT телеарнасының бас редакторы Маргарита Симоньянға елге кіруге тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Симоньян Telegram-арнасында жазды.

"Ұзақ жылдар бойы Арменияны қолдап келген Константин Затулинге (Мемлекеттік думаның ТМД істері жөніндегі комитетінің орынбасары – еск.) Арменияның қазіргі басшысы Арменияға кіруге тыйым салды. Айтпақшы, маған да", - деп жазды Симоньян.

Бұған дейін Затулин Telegram-арнасында оған армян заңгерлері "Армения Республикасына қатысты соңғы кезеңдегі мәлімдемелері мемлекеттер арасындағы достық және одақтастық қатынастарды дамытуға зиянын тигізеді" деп хабарлаған электрон хат алғанын айтты.

"Осыған байланысты алдағы уақытта Сіздің Армения Республикасына сапарыңыз қажетсіз деп танылады", - делінген хатта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети