08 мамыр 2015 18:35

Мәскеу метросында Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы баяндайтын арнайы пойыз жүре бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР СІМ баспасөз қызметі © ҚР СІМ баспасөз қызметі

Мәскеу метросында Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы баяндайтын арнайы пойыз жүре бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мәскеу метросында Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы баяндайтын арнайы пойыз жүре бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Сокол" электродепода Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы 12 постерден құрылған экспозициясы орнатылған арнайы "Народный ополченец" атты пойызының жүруі 7 мамырда басталды.

"Көшпелі экспозиция Қазақстанда құрылып, одан кейін Мәскеуді, Севастопольді, Ленинградты қорғауда, Украинаны азат етуге қатысқан дивизиялардың әскери жолы туралы, басып алынған аумақтарда партизандар қатарындағы қазақстандықтардың батыр істері туралы, сондай-ақ Елімізге көшірілген әскери-өнеркәсіптік кәсіпорындарының майданды жабдықтауға қосқан үлесі туралы баяндап береді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, мобильдік құрылғының иелері "Народный ополченец" пойызындағы суреттерде бейнеленген QR-код арқылы экспозицияның кеңейтілген нұсқасымен таныса алады. Яғни, кез келген метро жолаушысы Елшілік және "Қазақстан" телерадиокорпорациясы бірлесіп әзірлеген Ұлы Отан соғысы тақырыбына арнайы бейнероликтерді өздеріне еркін көшіре алады.

Жеңіске арналған, бірыңғай мағыналық композициясымен біріктірілген барлық жинағын алғанда, "Народный ополченец" пойызы 50 постермен жасақталған. Жеңіс пойызының экспозициясын қалыптастыруға Ресейлік әскери-тарихи қоғамдастығы, "Вечерняя Москва" газеті редакциясы, Мәскеуді қорғау мемлекеттік мұражайы, 1941-1945 жылдар кезеңінде Ұлы Отан соғысының орталық мұражайы да қатысты. Пойыздағы көрме алдағы жарты жыл кезеңінде жұмыс істейтін болады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети