Мәскеуде "Крокус Сити Холлдағы" теракт құрбандарының саны 139-ға жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде "Крокус Сити Холлдағы" теракт құрбандарының саны 139-ға жетті Фото: telegram-канал "112"

"Крокус Сити Холлдағы" теракт салдарынан қаза тапқандар саны 139-ға жетті. Бұл туралы 25 наурызда Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин президент Владимир Путинге теракт төңірегіндегі жағдай туралы баяндау кезінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Известия" басылымына сілтеме жасап.


Қаза болғандардың 75-інің жеке басы анықталған, 40 адам оқтан, 45 адам өрттен, екеуі емдеу мекемелерінде қаза болған.

Бастрыкиннің айтуынша, тергеу ойын-сауық орталығында болған оқиғалардың толық хронологиясын анықтап қойған.

"Төрт адамға айып тағылды. Жауап алу кезінде және сотта олардың барлығы кінәсін мойындап, тапсырыс берушілер мен оларға көмектескен тұлғалар туралы егжей-тегжейлі айғақ берді. Тергеу барысында қылмыскерлерге көлік, пәтер және ақша берген тағы үш адам ұсталды", - деді тергеу комитетінің басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +17
Ақтау +29
Ақтөбе +25
Атырау +31
Б
Балқаш +23
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +28
Қызылорда +25
П
Павлодар +25
Петропавл +28
С
Семей +23
Т
Талдықорған +22
Тараз +27
Түркістан +28
О
Орал +26
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер