05 қазан 2020 08:16

Мәскеулік қыздар қазақ тілінде видеоблог жүргізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube/Мәскеу қазақша © youtube/Мәскеу қазақша

Мәскеудің екі тұрғыны бірнеше жылдан бері YouTube желісінде "Мәскеу қазақша" блогын жүргізеді. Онда туған қаласы, оның көшелері мен тұрғындары туралы қазақ тілінде әңгімелейді. Қыздардың ерекше хоббиі туралы "Хабар 24" телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Анастасия Решетникова және Елизавета Осипова лингвистикалық университет тәмамдаған. Қазір қыздар  PR саласында жұмыс істейді және олардың жұмысының Қазақстанмен байланысы жоқ. Алайда олар бос уақытын өз жобасына арнайды.

"Біз өзіміз және басқалар үшін  қазақ тілінде жақсы дүние жасағымыз келді. Қазақ тілін ұмытып қалмау үшін оны үнемі қолданғымыз, қазақша сөйлескіміз келді. Бұл көңіліміз қалаған жоба болды", - деді Анастасия.

Қазір қыздар видеоблогқа түрлі формат қосып жатыр. Ұзақ уақыт оқшаулау режимінде отырғанда "карантиндегі қазақша" рубрикасын бастаған. Сондай-ақ Мәскеуде тұратын қазақтармен сұхбат жасаған.

"Бастысы - адамдарға ұнаса болды. Мен қазақ тілін білемін, қараңдар деп тықпаламаймын және мен бұдан "хайп" жасағым келеді дейтіндер бар. Жоқ, біз бәрін шын жүректен жасаймыз. Егер адамдарға бұл ұнаса және көңілін көтерсе, біз қуаныштымыз", - деді Елизавета.

Блогер қыздар хоббиін әрі қарай дамытып, видеоларда кәсіби деңгейде түсіруді және қазақ тілін танымал етуді жоспарлап отыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети