29 шілде 2015 11:47

Мексикада бес адам 700 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Fotolia/ jinga80 © Fotolia/ jinga80

Мексикада әйелдерді өлтірген бес адам 697 жылға сотталды, - деп хабарлайды "РИА Новости" агенттігі сотқа сілтеме жасап.


Мексикада әйелдерді өлтірген бес адам 697 жылға сотталды, - деп хабарлайды "РИА Новости" агенттігі сотқа сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, Мексиканың Чиуауа штатының соты әйелдерді жаппай өлтірген бес адамның әрқайсысына 697 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Олар қылмыстарын 2009-2010 жылдар аралығында жасаған, алайда әйелдердің денелері 2012 жылы табылды.

"Чиуауа Бас прокурорының хабарлауынша, қылмыстық топтың мүшелері әйелдерді алдап, кейін жезөкшелікпен және есірткі таратумен айналысуға мәжбүрлеген. Әйелдердің "түрі кете бастаған" сәтте оларды өлтіріп, денелерін жасырып келген", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, сотталғандар темір торға қамалып қана қоймай, қаза болған әйелдердің туыстарына моральдық өтемақы ретінде 9 миллион песо (550 мың доллардан аса қаржы) төлеуге міндеттелді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети