22 желтоқсан 2017 08:04

Мексикада есірткі баронына тіл тигізген жас блогер өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/elpiratadeculiacan © instagram.com/elpiratadeculiacan

Мексикалық жас блогер Хуан Луис Лагунас Розалес (лақап аты - El Pirata de Culiacan) есірткі бароны Эль Менчоға тіл тигізгені үшін Халиско штатындағы түнгі клубта өлтірілді, - деп хабарлайды Washington Post.

Видео түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісіп жүрген жас блогер бір түсірілімде есірткі баронының сексуалдық өмірі жайлы айтып, тіл тигізген. Соның салдарында бірнеше күн өткен соң, Розалестің денесі түнгі клубтардың бірінен табылған. Оның денесінен 15-18 оқты алып шыққан. Жасөспірімді оның тату белгілері арқылы ғана танып білген.

Құқық қорғау органдары кісі өлтірушілерді әлі ұстаған жоқ, алайда полиция блогердің өліміне есірткі баронының қатысы барына сеніп отыр. Эль Менчо - Мексикадағы ең қауіпті адамдардың бірі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети