09 тамыз 2016 17:57

Мемтөңкеріс әрекетінен кейін Ердоғанға бірінші болып хабарласқандардың бірі мен - Путин

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Түркияда мемлекеттік әскери төңкеріс жасау әрекетінен кейін ел президенті Режеп Тайип Ердоғанға бірінші болып қоңырау шалғандардың бірі Ресей басшысы Владимир Путин болған. Бұл туралы Санкт-Петербург қаласында Ресей мен Түркия басшыларының кездесуінде Ресей президентінің өзі мәлімдеді, - деп хабарлайды L!fe.


Түркияда мемлекеттік әскери төңкеріс жасау әрекетінен кейін ел президенті Режеп Тайип Ердоғанға бірінші болып қоңырау шалғандардың бірі Ресей басшысы Владимир Путин болған. Бұл туралы Санкт-Петербург қаласында Ресей мен Түркия басшыларының кездесуінде Ресей президентінің өзі мәлімдеді, - деп хабарлайды L!fe.

"Өзімнің әскери төңкеріс әрекетіне кейін бірінші болып көңіл айтып және қолдау білдіріп, бірінші қоңырау шалған президенттің бірі екенімді білемін. Мен тағы да қайталаймын, бұл біздің ұстанымымыз. Біз әрқашан да антиконституциялық әрекеттерге қарсымыз", - деді Путин. 

Өз кезегінде Түркия басшысы Владимир Путиннің қоңырау шалуына қатысты былай деді: "Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғандардың әрекетінен кейін мені және әріптестерімді Путиннің қоңырау шалуы қатты қуантты".

Путин Ердоғанның түрік халқының ішкі проблемаларды жоятынын және конституциялық тәртіп орнататынына сенім білдірді.

Айта кетейік, екі елдің басшылары түрік жойғыштарының Сирия әуесінде ресейдің Су-24 бомбалаушы ұшағын құлатқаннан кейін бірінші рет кездесіп отыр. Ресейлік БАҚ-тардың мәліметінше, екі ел президенттері экономикалық әріптестік және мемлекеттер арасында пайда болған дағдарыс жайлы талқылайды.  

Еске салайық, 15 шілдеде Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді. Атыстар туралы бірінші хабар Астана уақыты бойынша 01.00-де жеткен. Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, Анкарада атыстар естілген, қала үстінде жойғыш ұшақтар мен тікұшақтар ұшып жүр, ал Ыстамбұлдағы әуежайға танктер жеткізілген. Елде мемлекеттік телеарнарал хабар таратуын тоқтатты. Анкарада Facebook және Twitter әлеуметтік желілері құлыпталды.

Кейіннен Ердоған FaceTime арқылы халыққа үндеу жасап, адамдар көшеге шыққан еді. Түрік Президенті әскери төңкерілісті ұйымдастырғандарды қатаң жазалауға уәде берген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети