26 ақпан 2017 17:54

Моника Беллуччидің сөзі әлемдегі барлық ер адамның шамына тиді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© karavan.ua © karavan.ua

Әйгілі италиялық әртіс Моника Беллуччи Белград кинофестивалінде ерлер туралы жағымсыз пікір айтып, әлемдегі барлық ер адамның шамына тиді, - деп хабарлайды Vesti.ru


Әйгілі италиялық әртіс Моника Беллуччи Белград кинофестивалінде ерлер туралы жағымсыз пікір айтып, әлемдегі барлық ер адамның шамына тиді, - деп хабарлайды Vesti.ru

"Блиц" газеті Беллуччидің сөзін былай деп берген: "Ерлер - хайуандар". Бұл сөз журналистердің серб тілінде бір ауыз сөз айтыңызшы деген сұрағынан кейін шыққан. 

Осыдан кейін жергілікті газеттер атышулы тақырыппен мақала шығара бастаған: "Осы сөзден кейін ер адамдар Мониканы бұрынғыдай жақсы көретін бола ма?". Атақты актрисаның бұл сөзін режиссер Эмир Кустурица түсіндіріп берді. Ол серб тіліндегі осы сөзді Моника Беллуччи "По млечному пути" фильмінде айтатынын мәлімдеді. Фильмнің түсірілімі кезінде италиялық актриса серб тілін үйренген. Акцентсіз сөйлеуі үшін оған бірнеше педагог сабақ берген.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети