Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Мұхаммед пайғамбарға карикатура салған суретші атышулы Charlie Hebdo басылымынан кетеді

27 Қыркүйек 2015, 09:33
0
© Kommersant.ru
© Kommersant.ru

Француздың Charlie Hebdo сатиралық газетінің журналистері бірінен соң бірі жұмыстан өз қалауларымен кетіп жатыр, - деп хабарлайды Вести.Ru. Редакциядан бірінші болып кетуді қоғам қайраткері әрі хроникер Патрик Пеллу шешіпті. "Мен үшін әлдене аяқталғандай, сондықтан кетіп барамын", - деп мәлімдеді Пеллу кетуінің себебін түсіндіріп жатып.

Сонымен қатар, қыркүйек айында редакция суретшісі, лаңкестердің шабуылынан кейін бірінші болып Мұхаммед пайғамбарға карикатура салған Люздің де кеткелі жатқаны айтылады. Карикатурашы бұдан былай пайғамбарға карикатура салмайтынын және өз өмірін кітап оқуға арнайтынын айтты.

Еске салайық, қыркүйек айында журналдың басты бетінде Түркияның теңіз жағалауында жатқан баланың карикатурасы шыққан болатын. Онда қаза тапқан баланың суреті салынған және "Мақсатқа аз ғана қалғанда" деген жазу бар. Ал маңында McDonald's жарнамасы тұрады, онда былай деп жазылған: "Балаларға арналған екі мәзір біреуінің бағасымен". Екінші карикатураға былай деп атау қойылған: "Еуропаның христиандардыкі екенінің дәлелі". Суретте су үстімен кетіп бара жатқан Иса пайғамбар мен басы төңкеріле суда жүзіп бара жатқан бала бейнеленген. Сипаттамасында "Христиандар су үстімен жүреді, ал мұсылман балалар суға кетеді", - деп жазылған.

Еске салайық, биыл 7 қаңтарда Парижде болған лаңкестіктер әлемді дүр сілкіндірді. Charlie Hebdo тілшілерінің атылуының басты себебі деп Мұхаммед пайғамбардың карикатурасы аталды. Таңғы жиналыс кезінде он адам атылды, тағы екі тәртіп сақшысы көшеде өлтірілді. Парижде болған лаңкестіктен кейін күдіктілердің кім екені анықталып, құқық қорғау органдары олардың көзін жойды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай