15 ақпан 2021 08:51

Мьянмада интернет толық дерлік өшірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Мьянмадағы наразылықтар аясында интернет толығымен дерлік өшірілді. Бұл туралы әлем бойынша интернеттің жұмысын талдайтын NetBlocks үкіметтік емес ұйымы әлеуметтік желіде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мьянмадағы наразылықтар аясында интернет толығымен дерлік өшірілді. Бұл туралы әлем бойынша интернеттің жұмысын талдайтын NetBlocks үкіметтік емес ұйымы әлеуметтік желіде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

NetBlocks мәліметінше, Мьянмада интернет тек 14 пайызға қолжетімді. Дүйсенбіде Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 00:30-да елде интернет толық дерлік өшірілген.

"Генералдар Мьянма халқына соғыс жариялаған сияқты: түнгі рейдтер, ұсталғандар және құқығы тапталғандар саны артып жатыр, интернет тағы өшірілді, әскерилер елді мекендерге кіріп жатыр. Бұл үміт жоқ дегенді білдіреді. Генералдар, назар аударыңыздар: сіздер жауап бересіздер", - деді Мьянмадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы Томас Эндрюс.

Еске салайық, Мьянмада 1 ақпанда әскери күштер билікті басып алып, президент Вин Мьин мен Нобель сыйлығының лауреаты, мемлекеттік кеңесші Аун Сан Су Чжи ұсталды. Елде төтенше жағдай жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети