Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Мысыр билігі Шарм-эш-Шейх әуежайындағы бейнекамераларды тексере бастады - БАҚ

07 Қараша 2015, 22:44
0
Мысыр билігі Шарм-эш-Шейх әуежайындағы бейнекамераларды тексере бастады. © bbc.com
Мысыр билігі Шарм-эш-Шейх әуежайындағы бейнекамераларды тексере бастады. © bbc.com

Мысыр билігі ресейлік A321 апатының тергеуі аясында Шарм-эш-Шейх әуежайындағы бейнекамераларды тексере бастады, - деп хабарлайды РИА Новости Мысырдағы қауіпсіздік қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасап.

"Біреу-міреу қауіпсіздік қызметінен немесе металлодетекторлар арқылы өтіп кеткен жоқ па деп тексеру жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар полицейлер мен әуежай қызметкерлерінің тарапынан қандай да бір ерекше әрекеттер болған-болмағанын анықтағымыз келеді", - деп хабарлады қауіпсіздік қызметінің өкілі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мысырда апатқа ұшыраған ресейлік Airbus A321 ұшағының "қара жәшігі" ұшақ бортындағы жарылыстың дауысын тіркегені жайлы мәліметті France 2 телеарнасы таратқан болатын. Дереккөздің мәліметінше, жарылыс қозғалтқыштағы ақаумен байланысты болмаған, бұл балама түрде ұшақтың апатқа техникалық ақаудан ұшыраған деген нұсқасын жоққа шығарады. Сонымен қатар, ол ұшаққа келген зақымның қандай екенін айтып берді. Сонымен, әуе кемесінің бортындағы жағдай онда жарылыстың болғанын растайды екен. Ал, осы уақытта ресейлік тарап ұшақ бортында жарылыс болды ма, жоқ па деген сауалға жауап беретіндей мәліметінің жоқтығын мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости Мысырдағы әуе апатын тергеп жатқан комиссияның ресейлік мүшесіне сілтеме жасап хабарлады.

Еске сала кетейік, әуе апаты 2015 жылдың 31 қазанында таңғы уақытта болды. Ұшақ бортында 217 жолаушы мен экипаждың 7 мүшесі болған. Болжам бойынша, апаттан тірі қалғандар жоқ.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай